Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы өткен жылдың қазан айында болған.
WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін америкалық инсайдерлер «Қазақ стайлдың» жаңа жекпе-жегі жаңазеландиялық міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатынын жазған.
Телеарнаға сұхбатында Жәнібек қарсыласының атын атамай, жекпе-жек өтетін күнді ғана жариялады.
«13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді», — деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы өткен жылдың қазан айында болған.