Тексеріс «ӨРТ-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді.
15 мамырда Қазақстанның барлық аймақтарында ескерту жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сиреналар сағат 12.55-те қосылады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, тексеріс "ӨРТ-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді. Республикалық штаб Абай ауданында.
Оқу-жаттығуда мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері қарастырылады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті сирена қосулы кездегі тәртіп ережелерін еске салды:
Егер дабыл соғылғанда үйде болсаңыз: радионы немесе теледидарды қосыңыз, шұғыл хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз;
Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз: көше дауыс зорайтқыштары арқылы берілетін хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз.
Министрлік тұрғындардан тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды сұрайды.