$ 474.72  515.17  5.58

Бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлаған Әнуарбек Жексенғалиев сотталды

Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлерді алып отырған.

Фото: ҚМА баспасөз қызметі
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық табыс сомасы 4,3 миллиард теңге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚМА мәліметінше, өткізілген параллельді қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелгені айтылды.

«Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 миллиард теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды.

Сонымен қатар, ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған. Сондай-ақ, ол ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылды. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлерді алып отырған.

«Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктің сомасы 4,7 миллиард теңге болады», - делінген ҚМА хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары