$ 494.87  520.65  4.91

Экс-министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Экс-министрді қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 15 мамырда қабылданды.

Фото: Ratel.kz
Фото: Ratel.kz

Сот бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-министрді қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 15 мамырда қабылданды.

"2024 жылғы 15 мамырда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", - деп жазылған елордалық соттың Tengrinews.kz-ке жауабында.

Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары