$ 494.87  520.65  4.91

«Кінәні басқа біреу өз мойнына алған»: Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы айтты

Осы оқиғадан кейін қылмысты мойнына алған адамның әкесінің кәсібі «гүлдене» түскен.

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді анасының «Бишімбаев бала өлтірді» деген сөзіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Timur Balymbetov сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұл туралы тележүргізуші Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты.

Бағдарлама жүргізушісі марқұмның ағасынан сот барысында анасының «Бишімбаев бала өлтірген» деген сөздеріне қатысты сұрақ қойды.

«Жаяу жүргіншілер жолында бала қағып кеткен. Біз 8-9 қараша күндері Салтанаттың өліміне қатысты куәгерлерді іздеп, халықтан көмек сұрадық. Осы кезде бізге бұған дейін болған оқиғалар туралы да айтқан кісілер болды. Солардың ішінде бір әйел болды. Онымен бетпе-бет кездестік, сол кезде айтты. Қателеспесем, қараша айында еді, көзілдірік таққан, шарфқа оранған әйел болды. Бастапқыда бұл ақпаратқа сыни көзбен қарадым. Бірақ ол өте көп ақпарат айтып берді және оның берген ақпараттары ресми деректермен сәйкес келіп тұрды. Барлығын нақты деректермен аты-жөндерін, туған жылдарын берді. Ол сол кезде қылмысты өз мойнына алған екінші адамның аты-жөнін айтты. Ресми деректерге сүйенсек, сол адам 3 ай уақытша тергеу изоляторында отырған. Сосын тараптардың татуласуымен іс жабылып кеткен», - деді Айтбек Амангелді.  

Айтбек кездескен әйелдің айтуынша, әлгі жол апаты болған кезде рөлде Бишімбаев отырған және ол мас күйінде болған көрінеді. Алайда қасындағы екінші адам кінәні өз мойнына алған.

«Осы оқиғадан кейін қылмысты мойнына алған адамның әкесінің кәсібі «гүлдене» түскен. Ал өзі тергеу изоляторынан шыққан соң әскерге барып келген. Әскерден кейін ол да Байтерек компаниясы секілді жерлерде лауазымды қызметтер атқарған. Ал Бишімбаевтың өзі осы оқиғадан кейін Америкаға оқуға кетіп қалған», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары