$ 494.87  520.65  4.91

«Ұл достары болмауы керек»: Экс-шенеунік «дұрыс» қыздың белгілерін атады

Ол қыз өз талаптарын қоймауы тиіс, жанжал шығармай, бірінші достаса білуі керек және оның ойында саяхаттау ғана болса, жоламаған жөн деп жазады.

Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

Қоғам белсендісі, экс-шенеунік Бауыржан Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қарым-қатынасқа түсуге болатын “дұрыс” қыздың 20 пункттен тұратын белгісін жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мусин «маманның» пікірінше деп жазып, қарым-қатынасқа түсуге болатын қыздың қандай болуы керек екенін тізіп шыққан. Айтуынша, қыз толыққанды отбасынан шыққан болуы керек, татуировкасы, «бұлыңғыр өткені», мансап құру амбициясы, тіпті ұл достары болмауы шарт.

Ол қыз өз талаптарын қоймауы тиіс, жанжал шығармай, бірінші достаса білуі керек және оның ойында саяхаттау ғана болса, жоламаған жөн деп жазады.

Әрі пункте қыз эзотерика, бал ашу сынды нәрселерге әуес болмауы қажет делінген.

Бауыржан Мусин – заңгер, дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары. Ол 2018 жылы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сотталған.

Бұған дейін Бауыржан Мусин тергеу изоляторына барып, Қуандық Бишімбаевпен сөйлескені хабарланды. Байжанов сотта Мусин қысым жасағанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары