Енді ешқашан олай болмайды да...
Ол қызы тірі кезінде былтыр да туған күнімен құттықтай алмағанын, ал биылғы туған күнінде өмірде жоқ екенін еске алып, жазба жариялады деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым келіп, тосынсый жасайтын еді. Былтыр мен биыл олай болмады, енді ешқашан олай болмайды да", - деп жазды анасы.
Дегенмен, желіде Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясы өтіп, Салтанатты таныған адамдар оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнаған.
"Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет", - деп жазды ол.