$ 478.93  534.96  5.16

Алматыда Қуандық Бишімбаев жайлы фильмге кастинг жарияланды

Ақпарат TikTok-тағы Sovet Daniyar Muhituly парақшасында жарияланған.

Фото: Facebook / Куандык Бишимбаев
Фото: Facebook / Куандык Бишимбаев

Алматыда толықметражды фильмге түсуге Қуандық Бишімбаевқа ұқсас адамдарға кастинг жарияланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кастингке қатысқысы келгендер сурет, портфолио және өзі туралы ақпарат  ұсынуы керек.  

Бұл қандай фильм және оны кім түсіретіні белгісіз. 

Кастинг туралы ақпарат TikTok-тағы Sovet Daniyar Muhituly парақшасында жарияланған. Ал оның парақшасында ALMATY KAZAKHSTAN. STUDIO KAZAKH FILM. SALEM SOCIAL MEDIA деп қана жазылған. 

Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталып, сот Қуандық Бишімбаевты азаматтық некедегі әйелін азаптап өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырып қалғаны үшін кінәлі деп танылып,4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары