$ 494.87  520.65  4.91

Астанада «Дала қырандарының» қатысушыларымен 200 литр алкогольдік ішімдік тәркіленді

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері дүкен иесіне әкімшілік хаттама толтырды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

“Дала Қырандары" жастар қоғамдық бірлестігі 2024 жылдың 5 маусым күні қолдан жасалған алкогольді сату нүктелерін анықтау бойынша кезекті рейд өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2024 жылғы маусымдағы жағдай бойынша "Дала Қырандарының" қатысушылары Астананың бір ғана “Байқоңыр” ауданында қолдан жасалған алкоголь сатудың 10-ға жуық нүктесін анықтап, 200 литр алкогольдік ішімдікті тәркіледі.

Азаматтық бақылау барысында 21 жасқа толмаған ұйымымыздың мүшесі “Алматы” ауданында орналасқан "Олжа" дүкенінде (Есіл к., 38а) акциздік маркаларсыз сатылатын қолдан жасалған алкогольді сатып алды. Біз бірден болған оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарладық. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері дүкен иесіне әкімшілік хаттама толтырды.

"Дала Қырандарының" қатысушылары мұндай бастамалар қаланың белсенді тұрғындарын ынталандырады деп үміттенеді. Бұл бірлескен іс-қимылдар жергілікті мәселелерді тиімді шешуге болатынын және Астанадағы өмірді жақсартуға ықпал ететінін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бірлестік 2023 жылдың желтоқсан айында қолдан жасалған алкогольді заңсыз сатуды, есірткі таратуды және басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында Астана қаласының “Байқоңыр” ауданына азаматтық бақылау ұйымдастырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары