$ 473.15  515.12  5.4

Жоқ моншаларды сатқан: Қостанай облысы тұрғыны құр уәдемен 15 млн теңге пайда тапқан

Адамдардың сенімін асыра пайдаланып, клиенттермен кездесулер ұйымдастырған.

Фото:  polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында киберполиция жоқ моншаларды сатқан алаяқты құрықтады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

24 жастағы Лисаков тұрғыны өзін монша мен ағаштан жасалған басқа да бұйымдар жасаушы ретінде таныстырып, ОЛХ және WhatsApp арқылы хабарландырулар қойған.

Ол адамдардың сенімін асыра пайдаланып, клиенттермен кездесулер ұйымдастырған. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

Қаскүнемнің қылмыстық схемасы туралы Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Олжас Магыпаров айтып берді.

Сонымен қатар моншалар мен ағаш паллеттер жасауға келісімшарттар жасаған. Қылмыстық жолмен ол  15 миллион теңге пайда тапқан.

Қаскүнемнен зардап шегушілер негізінен жеке үйлердің иелері, Қостанай облысы аудандарының тұрғындары болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті облыс орталығында кезекті заңсыз тапсырысқа барар жолда ұсталды. Қазіргі уақытта 27 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар оның ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін полицейлер тұрғындарды алдын ала ақша төлемеуге, дүкендердің шынайылығын тексеруге және электрондық әмиян арқылы алдын ала төлем жасамауға шақырады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары