$ 494.87  520.65  4.91

ЛГБТ-ны ашық әрі жасырын насихаттауға қарсылық танытқан петиция ресми түрде қарастырылады

Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы «E-Petition.kz» ресми порталында ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады. Енді Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мәселені қарастыруы қажет, деп Skifnews.kz ақпарат порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 «ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды», - делінген министрліктің хабарламасында. 

Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары