$ 475.39  513.37  5.4

Бірнеше жігіттің жабылып көлік жүргізушісін теуіп тастаған видеосы тарады

Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Алматыда жол үстінде болған төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан жол үстінде бірнеше жігіттің машина есігін ашып, жүргізушіні аяқпен теуіп жатқанын көруге болады.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушыларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде. Күдіктілер міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлайды департмент баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары