Құдайға шүкір біздің азық-түлік қауіпсіздігі бар.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Сенат отырысында «шегіртке халал» өнім деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Вице-премьер ешкімге шегіртке жеуді ұсынбағанын атап өтті.
«Мен бұл шегірткелерді ешкімге ұсынамын деп айтқан емеспін, бұл қай жерде айтылды? Контекст барысында, мен бұл өнім халал дедім. Білуімше, кейбір БАҚ фактчекинг жасады. Шын мәнінде бұл солай. Осымен бұл тақырыпты қойып, қайдай да бір мәселемен айналысқан жөн болар. Мен кейде көңіл көтеру үшін де осындай сөздерді айтамын. Кейде сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін осылай сөйлеймін. Бірақ мен шегірткені жеуге ешқашан кеңес берген емеспін. Әңгіме барысында мен оның халал өнім екенін айттым. Бірақ ары қарай әңгімені өрбітпей, осы жерден тоқтау керек. Мен жауапты мемлекеттік шенеунікпін және әрине, мен ешқашан өз азаматтарымымызға шегіртке жеңіздер демеймін. Құдайға шүкір біздің азық-түлік қауіпсіздігі бар», - деді Серік Жұманғарин.