$ 494.87  520.65  4.91

«Қара киген қазақтар көбейді»: Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбақ

Парламент дін мәселелерін реттейтін заңды күзде қарайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Жарқанатқа ұқсатамын»: Белгілі журналист тұмшанып алатындарды сынады

Қазіргі таңда ең маңызды дүние – еліміздің ұлттық мүддесін, салт-дәстүрін және ұлттық мәдениетін сақтау. Ал қазіргі жағдайды қарасаңыз, қоғамда қара киген қазақтар көбейді. Бұл ұлттық мүдде тұрғысынан біздің болашағымызға үлкен зиянын тигізеді, - деді мәжілісмен Мәжіліс кулуарында.

Парламент дін мәселелерін реттейтін заңды күзде қарайды.

Құжатта мектепке діни киіммен келу де бар. Оған толық тыйым салынады. Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастыруды ұсынамыз, – дейді Ермұрат Бапи.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#никаб #заң