18.06.2024, 16:00

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Турнирге 17 елден спортшылар қатысты.

Таиландтың  Район аймағында байдарка мен каноэде есуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшылар құрлық турнирін сәтті аяқтады. Азия біріншілігінен жалпы есебі 30 медаль жеңіп алды.

Біздің ескекшілердің еншісінде 11 алтын, 7 күміс және 12 қола медаль бар.

Турнирге 17 елден спортшылар қатысты.