22.06.2024, 15:30

Айдос Садыққа жасалған қастандық: Күдіктілердің бірі полицияға өз еркімен берілді

Фото: Stan.kz

Ал қастандыққа қатысты екінші күдікті М. Каратаев әлі іздестіріліп жатыр.

Бас прокуратура 18 маусымда “Бәсе” YouTube-арнасының авторына жасалған қастандыққа қатысты күдіктілердің бірі ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство мәліметінше Украинаның құқық қорғау органдары қысқа мерзімде осы қастандық ұйымдастырды деген күдіктілерді анықтаған.

“Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жаканбаев пен Каратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады. 21 маусымда А.М. Жаканбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды”, – делінген хабарламада. 

Ал қастандыққа қатысты екінші күдікті М. Каратаев әлі іздестіріліп жатыр. Бас прокуратура тергеу мүддесіне қарай істің мән-жайын жария етпеді.