03.07.2024, 00:30

«Қалыңдық пен күйеу баланы танымайды»: Шымкенттегі 1200 адам жиналған той халықтың сынына ұшырады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Тойдың ауқымы мен сән-салтанатын көпшілік даңғазалық деп қабылдады.

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы Baiken hall мейрамханасында өткен 1200 адам жиналған тойдың видеосы тарады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тойдың ауқымы мен сән-салтанатын көпшілік даңғазалық деп қабылдады.

Желі оқырмандары мұны «мақтанудың бір әдісі» деп бағалады.

«Осы адамның көбі қалыңдық пен күйеу баланы танымайды. Осынша адамды қайдан тапты екен. Мақтанудың әдісі. Мұндай тойдың не қажеті бар. Концертке келген сияқты»,- деп жазды олар.

Тегтер: Шымкентте