Мерих Демираль Еуро плей-офф кезеңіндегі ең жылдам гол авторы атанып, рекорд орнатты.
Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалдық кезеңінде Аустрия мен Түркия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аустрия мен Түркия құрамалары арасындағы тартысты ойын Лейпциг қаласындағы "Ред Булл Арена" стадионында өтті.
Бүгінгі кездесу түркиялық футболшылар үшін сәтті басталды. Небәрі 1-минутта олар қарсылас қақпасынан саңылау тауып кетті. Бұл сәтте Мерих Демирал өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Жылдам гол жіберіп алған Аустрия тезірек таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Десе де оған түркиялық футболшылар лайықты қарсылық көрсетті. Қорғаныста сауатты ойнай білді.
Ал екінші таймда (59-минут) тағы да сол Мерих Демираль тағы да бұрыштамадан көтерілген допты баспен ұрып, гол соғып, дубль авторы атанды.
Ал 66-минутта аустриялық Михаэль Грегорич есеп айырмасын қысқартты. Бірақ ойын соңына дейін аустриялықтар қанша шабуылдаса да, осы есепті өзгерте алмады.
Кездесуде Түркия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, ширек финалға берілген соңғы жолдамаға ие болды.
Түркия ширек финалда Нидерланд құрамасымен кездеседі. Матч 6 шілдеде сағат 23:50-де басталады.
Сондай-ақ ширек финалда келесідей құрамалар өнер көрсетеді: Испания – Германия, Португалия – Франция, Англия – Швейцария.
Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің ширек финалдық ойындары 5-6 шілдеде өтсе, жартылай финал 9-10 шілдеге жоспарланған.
Ал финалдық ойын 14 шілдеде болады.
Еуро қазірдің өзінде көптеген рекордтар орнатты, бұл тағы бір рекорд. Енді Демираль Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі ең жылдам голдың авторы. Бұл жерде маңыздысы - плей-офф туралы нақтылау. Себебі албаниялық Недим Байрами топтық кезеңде 23-секундта Италия қақпасына гол соққан еді – бұл жалпы Еуро тарихындағы ең жылдам гол.
Демираль кімнің рекордын жаңартты?
Еуро плей-офф кезеңіндегі ең жылдам гол авторларының тізімі келесідей:
Мерих Демирал (Түркия) – 57 секунд, Еуро-2024 1/8 финалында Австрияға қарсы; Роберт Левандовски (Польша) – 1 минут 40 секунд, Еуро-2016 ширек финалында Португалияға қарсы; Люк Шоу (Англия) – 1 минут 56 секунд, Еуро-2020 финалында Италияға қарсы; Роберт Брэди (Ирландия) – 2 минут, Еуро-2016 1/8 финалында Францияға қарсы; Алан Ширер (Англия) – 2 минут 14 секунд, Еуро-1996 жартылай финалында Германияға қарсы. Элиталық компания!
Айтпақшы, шағын бақылау: британдықтар жылдам голды жақсы көреді. Алтыншы орында Еуро-2004 ширек финалында сағат 2:25-те Португалияға гол соққан Майкл Оуэн тұр.