$ 480.55  533.75  5.36

Жаңа оқу жылы: бөлінген грант саны нақтыланды

Гранттар тізімінде халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыста 112 мың грант қамтылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Елімізде жоғары білімді халық санын арттыру мақсатында жоғары білім берудің барлық деңгейі бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыста 112 мың грант (бакалавриат-79 мыңға жуық грант, магистратураға -13 мыңға тарта, докторантура -1 900 астам грант) бөлінген. 

Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді. Олардың саны 19 344 грантты құрады. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына 8 288 грант тиесілі», - делінген делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламалар тобы бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

Бұдан бөлек, «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге 3 903 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтқанда, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Гранттар тізімінде халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар. Оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары