$ 494.87  520.65  4.91

«Түсік жасатуға ақша ұсынды»: Бұрынғы сүйіктісін тастап кеткен жігіт әлі тумаған баласынан хат алды

Қыз әлі дүниеге келмеген баласының атынан хат жазған.

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Қарағанды облысының тұрғыны бұрынғы сүйіктісін ұялту үшін оның көлігінің үстіне хат жазып кеткен,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде үстіне фломастермен жазып кеткен көліктің суреті тарады. 22 жастағы бойжеткен әлі дүниеге келмеген баласының атынан оның әкесіне хат жазған.

Сәлем, әке! Екеуміздің осындай жағдайда танысып тұрғанымыз өкінішті. Осы жолы сен анамды қатты ренжіттің. Анам ренжіген кезде мен бәрін сеземін. Анам сен үшін көп нәрсе жасады деп ойлаймын, ол сені көп кешірді, бірақ сен оны бағаламайсың. (...) Сенің балаң Ихсан, - деп жазылған хатта.

Tengri Life тілшісі хатты қалдырған қызбен сөйлесті.

Ол мені алдап кетті. Біздің отбасымыз, балаларымыз қандай болатынын талқылады. Мен жүкті екенімді білгенде бар шындық белгілі болды. Бірден емес, бірақ кейін түсік жасауыма ақша ұсынды. Мен бас тарттым, мен бар болғаны 22 жастамын. Көмектесемін деп уәде берді, бірақ кейін жоғалып кетті. Мен оған осылай хат қалдырып, оны ұялтқым келді. Бірақ сурет әлеуметтік желіге тарап кетті. Оның көлігі зақымдалған жоқ, мен оңай өшірілетін және көлік бетін зақымдамайтын фломастер қолдандым,  - дейді жас қыз.

Қарағанды облысының ПД-нің баспасөз қызметі көлік бүлдіргені жайлы өтініш түспегенін мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аборт