$ 479.38  531.63  5.27

«Адамның екіжүзділігі деген осы»: Дулат Исабеков ақындарға не үшін ренжіп жүр?

Ол тұңғыш президентті мақтап  ешқандай пікір айтпағанын жеткізді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Дулат Исабеков тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты кезінде мақтап, биліктен кеткен соң сынағандар туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Kultobe Podcast YouTube арнасында белгілі драматург Дулат Исабеков сұхбат берді. Ол тұңғыш президентті мақтап  ешқандай пікір айтпағанын жеткізді.

"Мен ол кісі туралы бір пікірдемін. Өтті, кетті. Сол кезде поэма жазған адамдар енді соны сынай бастады. Демек адамның екіжүзділігі деген осы. Мен сол кезде мақтап, ешқандай пікір айтқан емеспін", - деді Дулат Исабеков.

 

Жазушы осы тұста ақындарға реніші барын айтты.

"Көзі тірі кезінде поэма жазып, кейін жалт етіп бұлай шыға келу – адамның қасиетсіздігі, екіжүзділігі. Әсіресе, ақындарға ренішім бар. Биліктегі тоталитаризмнің көбін ақындар жасаған екен. Қазір Сталиннің кезіндегі өлеңдердің көбі есіме түседі, жатқа білемін. Ал орыс ақындарының біреуі Сталин туралы өлең жазған жоқ. Тек қазақтар ғана жазды", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары