09.07.2024, 10:20

Бибісара Асаубаева Әзірбайжанда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Фото: instagram.com/bibisarachess/

Шахматшы қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әзірбайжанда өткен «Baku Open – 2024» турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Шахматшы қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді.

«Baku Open – 2024» шахмат турнирі аяқталып, әйелдер арасында 1-орынға ие болдым! Қымбатты жазылушыларым, маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет, сіздер ең үздіксіздер», - деп жазды шахматшы.