$ 494.87  520.65  4.91

Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Дегерес тауында суды үнемдеу әрі жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3 тонналық ыдыс орнатылған болатын.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

 «Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркінде еліміздің Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«2023 жылы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының зоолог мамандарының көмегімен, WWF (Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры) қаражаты есебінен «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Дегерес тауында суды үнемдеу әрі жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3 тонналық ыдыс орнатылған болатын. Осы суатқа МҰТП-ң ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімі қызметкерлерінің зерттеу жұмыстары барысында орнатқан фототұзаққа еліміздің Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюының келіп, су ішкені туралы бейне жазба түсірілген», - деп жазды «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары