10.07.2024, 14:00

Ақтауда басына диван құлаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Фото: polisia.kz

11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне жоғарыдан диван құлаған.

Бас парокуратура Маңғыстау облыстық полиция департаментінің істі тоқтата тұру туралы шешімінің күшін жойып, оны Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөліміне ("кісі өлтіру") ауыстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген Маңғыстау облыстық полиция департаментіне полиция органдары басшыларының қызметін бағалау туралы мәселені қарау үшін, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Еске салайық, былтыр қаңтарда 11-шағын аудан 41-үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғынның үстіне жоғарыдан диван құлаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«Мойын омыртқасы сынған»: Ақтауда өтіп бара жатқан адамның басына диван құлаған Ақтауда балконнан диван лақтырған адамды полиция төрт айдан бері таба алмай отыр