$ 494.87  520.65  4.91

«Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ»: ҚФФ президенті мәлімдеме жасады

 Біз, қазақтар, барлығына құрмет көрсетеміз.

Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, футболдан Ұлттық құраманың бас бапкеріне менталитетімізді түсінсе болды.

«Станислав Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ. Ең бастысы – біздің менталитетімізді, дәстүріміз бен мәдениетімізді түсінгені маңызды. Ол біздің тілімізде қысқаша сөйлеп, амандаса білуі жеткілікті. Черчесовтан тек біздің тіліміз бен дәстүрімізді құрметтеу талап етіледі, ал ол өз кезегінде ел футболы үшін өзінің барлық түйгенін береді. Черчесовтың қазақ тілін үйренуі бойынша артық мәселе жоқ және біздің журналистер бұл нәрсені дұрыс қабылдады. Менің ойымша бұл мәселені дұрыс не бұрыс деп қарастырғанымыз жөн емес. Станислав Саламұлының өзіне тән болмысы бар және мұны бәрі жақсы түйсінеді. Біз, қазақтар, барлығына құрмет көрсетеміз», - деді Әділет Барменқұлов Sport24.ru сайтына берген сұхбатында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қазақстан – орыстілді мемлекет»: Станислав Черчесов неліктен Қазақстанға келді?

 Футбол құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары