Оқиға Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.
Алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.
Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.