$ 494.87  520.65  4.91

Қауіпсіз қоғам: Полицейлер бұзақылар және қылмыскерлермен қалай күресіп жүр?

Патрульдік полиция 374 қылмыстың ашылуына ықпал етті. «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша 230 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың басым бөлігін ұрлық пен ұсақ ұрлық құрайды.

Фото: Атырау ПД баспасөз қызметінен
Фото: Атырау ПД баспасөз қызметінен

Қауіпсіздік – азаматтардың қоғамдағы маңызды қажеттілігі. Өйткені кез келген пенде қауіпсіз, жайлы ортада өмір сүруді қалайды. Қауіпсіздік сезімі болмай, тұлғаның беймарал өмір сүруі және дамуы мүмкін емес. Ал халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елімізде полицейлер, шекарашылар, солдаттар, төтенше жағдай, медицина мамандары тағы басқа құзырлы органдардың өз ісіне адал берілген қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеп келеді. Олардың елдегі қауіпсіздік, қоғамдағы тыныштық үшін мемлекетке қалтқысыз қызмет ету қазақтандықтардың тыныш ұйықтауына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның бейбітсүйгіш елдердің рейтингіндегі орны да олардың жұмыс тиімділігінің бірегей көрсеткіші деп санауға болады.

Бейбітшілік экономикасы институты (ИЭП) мен Сидней университетінің сарапшылары әзірлеген рейтингке сүйенсек, еліміз қауіпсіздік мәселе бойынша 163 елдің ішінде 76-орынға көтерілген. Бұл рейтингті дайындауға 23 мәселе ескеріледі. Мәселен, мемлекеттегі қылмыс саны, тұтқындар саны, азаматтар арасындағы сенімсіздік дәрежесі, саяси тұрақсыздық және т.б. деген секілді.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Дарина Даненованың пайымдауынша, бізде мемлекеттік деңгейде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп мәселесі ешқашан бейжай қалмаған. Сөзімізге тұздық болсын, былтыр жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,  2024-2028 жылдарға арналған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығының жобасы дайындалған болатын.

Айта кетейік, бұл ретте, қоғамда қауіпсіздікті сақтауда жергілікті құқық қорғау органдарының атқаратын рөлі айрықша. Мұны ешкім жоққа шығара алмас.

Тоқаевтың былтыр 15 қарашада құқық қорғау органдарының басшыларымен өткізген кездесуін де елдегі қауіпсіздік мәселесіне үлкен мән беріліп отырғанының белгісі деп бағалау әсте әбестік емес.

Дей тұрғанмен, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тек полицейлер ғана емес, сол ортада өмір сүріп отырған қарапайым азаматтардың да әлеуметтік жауапкершілігінің  маңызы зор екендігі даусыз. Себебі қарапайым адамның өзгенің құқығын кұрметтемеуі, қоғамдық тыныштықты бұзуы зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық, өзгеге зиян келтіруі – үйреншікті әдетке айналатын болса, мұндай ортада саналы қоғамның қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан арнайы форма киіп, погон таққан полицейлердің барлығы халықты ұдайы құқық бұзушылыққа қарсы бірлесе күресуге шақырады.

Мысал келтірсек, «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында Атырау облысының полицейлері қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын барынша күшейтті. Атырау облысында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 2501-ден 2364-ке азайған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың алты айындағы деректер. Ауыр қылмыс көрсеткіші 779-дан 723-ке, кісі өлтіру 14-тен 10-ға, ұрлық 678-ден 331-ге төмендеді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне көз жүгіртсек, барлық зорлау, тонау, зорлық-зомбылық, ауыр дәрежедегі бұзақылық, көлік ұрлау қылмыстары ашылды. Патрульдік полиция 374 қылмыстың ашылуына ықпал етті. «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша 230 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың басым бөлігін ұрлық пен ұсақ ұрлық құрайды.

«Егер қылмыстың себебіне тоқталатын болсақ, біріншіден, облыс инвесторлар, бизнес өкілдері, шағын және орта бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлер үшін соңғы жылдары келушілердің саны артып келеді Алыс және жақын шетелдерден жұмыс іздеу күшейіп, еліміздің басқа өңірлерінен келушілер жасаған қылмыстар жиі кездеседі. Екіншіден, соңғы бес жылда халық саны да өсті. Үшіншіден, жұмыс істегісі келмейтіндер көп, жұмыстың соңы жоқ. Қылмыстардың жалпы санын, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды талдадық. Облыста тіркелген тонау, қарулы қылмыстар мен ұрлықтың басым көпшілігін жұмыссыз адамдар жасаған», – деді Атырау облыстық ІІД бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев.

Бұзақылық қылмыстардың басым бөлігі, ал мұнда 33-тен 79-ға дейін өскені негізінен ойын-сауық мекемелерінде ішімдік ішкен адамдардың қолынан келеді. Осы жағдайды ескере отырып, полицейлер мейрамханалар мен ойын-сауық орындарының иелеріне жұмыс уақытын түнгі сағат 02:00-ге дейін шектеуді ұсынды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиевтің айтуынша, қылмыстың өсуіне жол бермеу үшін басқа да алдын алу шаралары енгізілген.

«Талдау нәтижесінде, әсіресе, қылмыс көп орын алатын аумақтардағы патрульдік бағдарлар күшейтілді, «Сергек» бейнекамералары және бұрын орнатылған стационарлық бекеттер қарастырылды Мемлекет басшысының «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел игілігінің берік іргетасы» атты Жолдауын жүзеге асыру, министрлік белгілеген шараларды іске асыру, оның ішінде полицияны сервистік үлгіге көшіру, «Полиция жаяу қашықтықта» қағидаты бойынша 2023 жылы біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар қосымша шаралар қабылдадық. Атырау облысы әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Адамдар көп шоғырланған жерлерде сегіз модульдік стационарлық посттар орнатылды. Учаскелік полиция инспекторлары мен тұрғындар арасында 600-ге жуық кездесу өткізіліп, оған 11 мыңнан астам адам қатысты. Учаскелік полиция пункттері қажетті құрал-жабдықтармен, компьютерлік техникамен толық жабдықталған, барлық қызметкерлерде бейнетіркегіштер мен планшеттер бар», – деді  Әбдіғани Сейдуалиев.

Полицияның учаскелік инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саласында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Бүгінде облыстағы 92 учаскелік полиция пунктінің 24-і тұрғын үймен біріктірілген. Атырау қаласы ПП №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жандарбек Жаңбырбаев құқық қорғау органдарында 10 жылдан астам, ал «шериф» соңғы екі жыл қызмет етіп келеді. Ол №21 учаскелік пунктте әйелі және қызымен тұрады. Жарасымды жұп тағы бала күтіп отыр.

«Бекетте жұмыс істеуге және тұруға барлық жағдай жасалған, міндеттеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, бекітілген аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өтініш немесе шағым түскен жағдайда тұрғындарға, әсіресе, жалғызбасты адамдарға қажетті көмек көрсету міндеті кіреді», – деді  Жандарбек Жаңбырбаев.

Учаскелік полиция қызметкері әкімшілік аумақта есепте тұрған отбасыларды аралап, ішімдік ішетін азаматтарға ақыл үйретіп, жанжалдасып жатқан көршілерді татуластыруға тырысады, жұмыссыздарға жұмыс табуға көмектеседі. Ол кейде мұндай адамдармен тіл табысып, олармен байланыс жасай алатынына қуанышты, өйткені олар оның  кеңестеріне құлақ асады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары