29.07.2024, 06:30

«Ердің құны - 100 жылқы»: Ақтөбелік кәсіпкер Сметовке ерекше сый жасады

Коллаж: sn.kz

Жомарттық деген осы шығар.

Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанды. Осы орайда ақтөбелік кәсіпкер жомарттық танытып, спортшыға ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде Ануар Ақмырзаұлының Елдос Смеовке 100 жылқы сыйлағаны туралы хабар тарады.

"Ердің құны - 100 жылқы деген. Қаймана қазақтың ежелгі салтын жалғастырған Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылының тумасы Ануар Ақмырзаұлы ағамыз көк туымызды желбіретіп, елімізді әлемге танытқан Елдос батырға 100 жылқы сыйға тартты. Елдоспен телефон арқылы байланысқа шығып, жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар, елге келгенде күтіп алатынын айтты", деп жазды желі қолданушысы. 

"Аллам екі дүниенің бақытын берсін", "Мың қойым болса, жүзін Елдосқа берер едім", "Осындай азаматтарымыз көп болсын", "Мықты мотивация болды", "Жомарттық деген осы шығар", - деп желі қолданушылары жарыса жазды.