Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.
Хабар арнасындағы дауға айналған "Бірақ" ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смаилова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бала-шағаммен мазарда түнедім»: «Бірақ» бағдарламасында жылап қалған әйел шындығын айтты
Бұл туралы журналист Рахым Ошақбаев мәлімдеді. Журналист жариялаған видеодан алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтердің берілген сәтін, кейіпкердің көзіне жас алғанын көруге болады.
Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.
Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасы 2-3 аптаға созылып, 500-ден астам адам қатысқан. Бұл "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай.
Айта кетейік, 12 наурызда "Хабар" арнасының "Бірақ" отбасылық ток-шоуында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелге арналған бағдарлама көрсетілді. Бұл жағдай ел арасында сынға ұшырап, дау тудырды. Кейінірек Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бағдарлама жабылғанын мәлімдеді.