$ 494.87  520.65  4.91

Теннисшілердің саботажы: Олимпиадада легионерлер неліктен селқостық танытты?

Оған қоса бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. "Шредингер спорты" Телеграм-арнасы алдыңғы Олимпиада ойындарының нәтижелерін келтірген.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазір Парижде Олимпиада ойындары өтір жатыр. Қазақстанның намысын қорғап барған нағыз намысшыл спортшылардың түрлі эмоциясын көріп жүрміз. Жеңсе қазақ елі үшін шынайы қуанып, жеңіліп қалса намыстанып тұрып жылайды. Халық оны сезеді, көреді. Бұл сезімдерді жасырып қалу мүмкін емес. Ал, ел үміт артқан "теннисшілеріміздің" бірінен кейін бірі ауырып, бірінші айналымда-ақ тыс қалып жатқаны халыққа түсініксіз жайт. Осы даулы мәселеге қатысты Диас пен Әйгерім Камеридановтар өздерінің "Unknownkazak" Instagram парақшаларында пікір білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Теннисшілердің саботажы немесе біз неге легионерлерді қоластымызға алуға қарсымыз? 

Олимпиада ойындарындағы қазақ теннис құрамасы тағы да көңілімізді қалдырды. Бұл жолы "жаңа қазақтар" Елена Рыбакина (бұрынғы ресейлік) және Юлия Путинцева (бұрынғы ресейлік) аурулары мен жарақаттарына байланысты ойыннан тыс қалды. Ал, Александр Шевченко (бұрынғы ресейлік) және Александр Бублик (бұрынғы ресейлік) бірінші айналымда-ақ жеңіле салды. Александр Бублик пен Александр Недовесов (бұрынғы украин) жұптық ойынынның бірінші айналымда жеңіліп қалды. 

Оған қоса бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. "Шредингер спорты" Телеграм-арнасы алдыңғы Олимпиада ойындарының нәтижелерін келтірген.

Соңғы 4 олимпиадада біздің теннисшілер медаль жеңгені тұрмақ, олар тіпті ойнаған жоқ. Бұл жерде орында "неге?" дейтін сұрақ туындайды. 

Себептер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың бірі айқын: елдің азаматтығын алған шетелдік спортшылар елге бауыр баспайды, сүйіспеншілікті сезінбейді. Ал, "Намыс" деген ұғым олар үшін бөтен тілдегі түсініксіз сөз болып тұр. 

Екінші жағынан, оларды да түсінуге болады. "Біздің" теннисшілерге Олимпиада ойындары рейтингте ұпай немесе қаржылық пайда әкелмейді. Ал отансүйгіштік сезім, көк Туымыз бен Әнұранымыз олар үшін бос сөзбен парапар. Сондықтан, олар неліктен Қазақстан үшін күш салуы керек? Олар бізден тек ақша қажет ететін жалдамалы адамдар болып қала береді. 

Жыл сайын біз легионерлерге үлкен қаражат бөле отырып, спортшылардың натурализациясын (азаматтық құқық беру; шетелдіктерді қоластына алу) талқылаймыз. Бұл жерде әңгіме тіпті ақша туралы емес. Легионерлер біздің талантты спортшыларымыздың орындарын алып, олардың спортпен шұғылдануға деген ұмтылысын өлтіруді. Көптеген легионерлер тіпті біздің елде тұрмайды да және мансабын аяқтағаннан кейін спортшыларымызға өз тәжірибелерін бөліспей үйлеріне тайып тұрады. 

Олар біздің жас спортшыларымыздың орнын басып алып, қомақты қаражат пен жақсы жағдайда шалқып жүр. Біздің спортшыларымызға бұл қалай тиетінін елестетіп көріңізші. Олар бүкіл өмірі мен денсаулығын аямай сарп етіп жүргенде, соңында кейбір сырттан келген "гастролер спортшылар" ұлттық құрамадағы орындарын басып алады. 

Тоқетері азаматтығымызды оңды солды үлестіре беруді тоқтататын кез келді. Балалар мен жасөспірімдер мектептеріне, инфрақұрылымға қаражат салып, үздік шетелдік жаттықтырушыларды тартып, өз спортшыларымыздың тәрбиелеуіміз керек. Бұл болашақта жүз есе болып қайтатын инвестиция. Біздің еліміз өзімізден басқа ешкімге керек емес. Қасқырларды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды, - делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары