$ 478.96  533.03  5.22

Сәкен Бибосынов түрік қарсыласын еш қиындықсыз тізе бүктірді (ВИДЕО)

Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген.

Фото: olympic.kz/ Тұрар Қазанғапов
Фото: olympic.kz/ Тұрар Қазанғапов

Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, 5-0 есебімен ширек финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Келесі кезеңде Сәкен Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады.

Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. Ал, Самет болса Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары