$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді?

Магистратураға құжат қабылданады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елімізде 1 тамыздан бастап қандай өзгерістер және маңызды шаралар өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады.

30 тамызда Қазақстанда мемлекеттік мереке – Конституция күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке жұмаға сәйкес келгендіктен бұл күні қазақстандықтар үшін демалыс болады. Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер үшін – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс. Ал 6 күндік жұмыс аптасында – 30 тамыз демалыс күні, 31 тамыз жұмыс күні, 2024 жылдың 1 қыркүйегі демалыс болады.

2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға қажетті жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастардан өтінім мен құжат қабылдаудың басталады.

Грант иегерлерінің тізімі шығады. Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылғы білім гранттарын бөлу нәтижесін жариялайды. Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр.

Магистратураға құжат қабылданады. 20 шілдеде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 10 тамызға дейін жалғасады. Магистратурада оқу үшін 2024 жылы 13 мыңға жуық грант бөлінген.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады.

Тағы бір ҰБТ өтеді. Өтінімдерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады. Ал тестілеу процесі 10-15 тамыз аралығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары