$ 494.87  520.65  4.91

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы қарсыласынан қулығын асыра алмады

Мұхамедсабыр Базарбайұлы 2:3 есебімен төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліске ұшырады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы 2024 жылғы Париж Олимпиадасы аясында ширек финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл кезеңде 63,5 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Лаша Гурули қарсылас атанды. Бұған дейін Грузияның боксшысы 2021, 2023 жылдары әлем чемпионатында қола алып, 2022, 2024 жылдары Еуропа чемпионатында күміс иеленген болатын.

Бірінші раундты судьялар Мұхаммедсабырға берді — 5:0. Екінші үш минутты Лаша Гурули алды — 5:0. Соңғы раундтың шешімімен грузин боксшысының мерейі үстем болд.

Нәтижесінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы 2:3 есебімен төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліске ұшырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары