07.08.2024, 16:20

10:1 есебіндегі таза жеңіс: Нұрсұлтан Тұрсынов қарсыласын ойсырата жеңді

Фото: Olympic.kz

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллиді таза ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

87 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан қазақстандық балуан мысырлық Мохамед Метваллиді 10:1 есебімен жеңіп, жарыстың ширек финалына шықты. Енді ширек финалда тәжірибелі отандасымыз Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі. Мысырлық палуан - Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы.