$ 478.93  534.96  5.16

Парижде Алматы спорт басқарма басшысының жүрегі тоқтап қалды

Алматы спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы
Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы

Париж Олимпиадасында Алматының спорттық делегациясын бастап барған Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алдын-ала мәлімет бойынша, спорт шенеунігінің жүрегі тоқтаған. Басқа ақпарат жоқ.

Ерден Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы  бойынша  тәмамдаған  және Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Алматы спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары