Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі әлеумет және экономика саласындағы азаматтарды, сонымен қатар мемлекеттің заң аясындағы құқықтарын қорғау.
Қазақстанда "заң және тәртіп" мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі саясатының негізгі элементтерінің біріне айналды.
Бұл тұжырымдаманы мемлекеттік деңгейде енгізу және қолдау Құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға бағытталған, бұл өз кезегінде тұрақты және әділ қоғам құруға ықпал етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы тұрғыда Қазақстанның Бас прокуратурасының жұмысы осы тұжырымдаманы іс жүзінде іске асырудың жарқын мысалы болып саналады.
Жақында ведомство 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады. Бас прокуратура қызметкерлері түрлі салаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткені прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында ұсынылған деректермен расталды.
Атап айтқанда, Бас прокурор Берік Асылов Президент Тоқаев белгілеген "заң мен тәртіп" тұжырымдамасын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталып, прокурорларды өз назарларын елді мазалайтын істердің шешімін табуға шақырды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі әлеумет және экономика саласындағы азаматтарды, сонымен қатар мемлекеттің заң аясындағы құқықтарын қорғау.
- Бас прокуратура есебіндегі мәліметтерге сәйкес, 2,5 миллион тұрғынның талап арыздарына сай құқықтары заң аясында қорғалған. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджетке 41 миллиард теңге сомасы қайтарылды. 170-ке жуық қылмыстық істер қозғалып, оның ішінде 75 адам бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, тағы бір маңызды жетістіктердің бірі 312 миллиард теңге сомасындағы активтердің қайтарылғаны, оның ішінде шетелден қайтарылған активтер де бар. Олигополияларға тиесілі құны 50 миллиард теңгелің жер тәркіленді, - деді ол.
Балалардың құқықтары, білім саласы, денсаулық мәселесі де ерекше назарда. Прокуратура қызметкерлері бірнеше тексерулерді аяқтап, осы салаларда заңдылықты қорғап, қамтамасыз ету шараларын қабылдады. Тасқыннан кейінгі салдарды жоюға, зардап шеккендер үшін тұрғын үй құрылысын бақылауға жұмсытары да басты назарда.
- «ҚР Бас прокуратурасы елдегі криминогендік жағдайды бақылауға ерекше назар аударды» дейді Алматы заң корпорациясының сарапшы – консультанты Александр Перегрин. Қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыс 10 пайызға дейін төмендеген. Кеңес барысында баяндалғандай.
Арнайы прокурорлар тергеуді аяқтап, сотқа ел арасында резонанс тудырған бірнеше істер жібергені атап өтілді. Конституциялық сотта он іс жүргізу бойынша құқықтық қорытындылар берілді, Бас прокурордың екі өтініші бойынша оң шешімдер шығарылды.
Ведомство жұмысының қызықты әрі маңызды аспектісі халықаралық деңгейде серіктестікті нығайту болып отыр. Осы жылы Парламентте ратификациялаудан өтіп жатқан тиісті халықаралық шарттарға қол қойылды. Осылайша шетелде жасырынып, іздеуде жүрген он үш адам елге қайтарылды.
Ведомство отырысының қорытындысында Берік Асылов алдағы уақытқа бағытталған негізгі міндеттерді белгіледі. Бас прокуратура қызметкерлері Президенттің азаматтар мен кәсіпкерліктің құқықтарын заң аясында қорғау жөніндегі тапсырмаларын орындауды, инвестиция тарту бойынша жобаларды сүйемелдеуді, шетелге шығарылған активтерді қайтаруды, құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыруды, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, көлеңкелі экономикамен, есірткімен, алаяқтықпен күресуді және ұйымдасқан қылмыс пен азаптауға қарсы іс-қимылды жалғастырады.
– Заңдылық пен тәртіпті сақтау елдің тұрақты дамуы үшін маңызды шарт болып табылады, - деп есептейді Александр Перегрин.
Ол азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін қамтамасыз етеді, әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтады.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның жұмысы маңызды рөл атқарып келеді. Заң саласы қызметкерлерінің бұл заңдардың сақталуын қатаң бақылауға алуы сонымен қатар еліміздегі азаматтардың құқықтарын қорғау біздің мемлекеттік саясаттың басымдықтары болып есептеледі.
Сондықтан да азаматтық қоғамда заңның үстемдігі толық орнау үшін әрбір азамата заңдылық пен тәртіпті сақтау – елдің тұрақты дамуы үшін маңызды шарт екенін түсінуі маңызды.