15.08.2024, 16:20

«Алдымен су беріңдерші». Тоқаевқа өтініш айтқан баланың арманы орындалды (ВИДЕО)

Фото: видеоскриншот

Видео журналист Әділ Балтабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. 

Қарағанды ​​облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен", - дейді бала. 

Желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды. 

"Алдымен су беріңдерші" деді ғой", "Жаным-ау, тәттісін-ай", "Коляның арманы орындалған шығар", "Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ", "Баланың жүрегі таза ғой", "Халқын ойлап айтқаны", - деп жазған олар. 

Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.