15.08.2024, 17:00

«Ішсең мас боласың»: Нұралы «ұстаз» қазақтың бал қымызынан бас тартуды ұсынды

Фото: GlobalNews

Молдалар мен имамдар қазақтің әдет-ғұрпына соқтықпаса жүре алмайды.

Әлеуметтік желіде Нұралы атты ұстаз қазақтың бал қымызына шүйлігіп, харам екенін айтты. Имамның қазақтың бал қымызына қатысты айтқан пәтуәсі әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қымыз мас қылса, қолыңды төбеге қойып қашып кету керек.

«Сол бал қымызды ішіп отырған жігіттер маған «звандап» жатыр. «Ұстаз мына бал қымыз жайлы не айтасыз?», — дейді. Мен білмеймін, бал қымызды өзім біріншіден көрген жоқпын. Сөйтсем, «ұстаз, қазір мынаны ішіп отрқта, бір-бірімізге әңгіме айтып отрқ» дейт та әлгі жігіттер. Кәдімгі мас болып отырғанын айтып отырда. Құтты болсын дедім, мен айттым. Ондайға жоламағаның дұрыста, Аллаһ сұбханалла. Қымыздың өзін ашытсаңыз проблема жоқ. Егер мас қылатын болса ондай қымыздан, екі қолыңды төбеге қойып, қашып кету керек қой. Ішіп алып, аты қымыз, заты арақ болып жатса ол болмайды», — деді Нұралы ұстаз аталып кеткен молда.

Солайша бабалар ішкен бал қымыздың қадір-қасиетін білмейтін уағызшыл ұстаздың ақыл-кеңесі тағыда сынға ұшырады.