"Бәрін Алла қаласа дүйсенбі күні естисіздер".
Боксшы Жанқош Тұрардың әйелі Клара Иса "зорлады" деп айыптап жатқан Әнару Құрманәлінің сұхбатына жауап берілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Кешегі сұхбатқа байланысты менің не дейтінімді сұрағысы келіп отырғандар бар. Бірақ бізге әзірге ештеңе айтуға болмайды. Бәрін Алла қаласа дүйсенбі күні естисіздер. Дүйсенбіде сұхбат алғысы келіп жатқан журналистердің бәрін Алла қаласа күтеміз", – деп күлді ол.