26.08.2024, 12:40

Apple 10 қыркүйекте iPhone-ның жаңа моделін ұсынбақ

Фото: apple.com

Apple жаңа өнімдерін таныстырған соң құрылғылар топтамасы 20 қыркүйекте сатылымға шығады. 

Apple iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын қыркүйектің 10 күні таныстырады деген болжам бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанатты іс-шараны сейсенбі күнге жоспарлап отыр.

Apple жаңа өнімдерін таныстырған соң құрылғылар топтамасы 20 қыркүйекте сатылымға шығады. 

Компания көпшілікке iPhone 16 және iPhone 16 Pro моделін таныстырмақ. Сондай-ақ бұл жаңа iPhone телефондарының дизайны iPhone 15-ке ұқсауы мүмкін. Бірақ фотосуреттер мен бейнелерді түсіруге арналған жағында жаңа сыйымдылық түймесі сияқты жаңартулар болады деген  болжам бар.