Балалардың саусағын қысып, жарақаттаған эскалатордың тісі сынған болып шықты.
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде эскалаторда үш бала саусағынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек Чикинаев балалардың жағдайын баяндады.
"Сауда орталықтарының бірінде екі күннің ішінде үш бала жарақат алды. Саусақтары эскалаторға қысылып қалған. Олар – 2-3 жасар балалар. Саусақтары өте кішкентай. Қадағалаушы орган келіп тексергенде, балалардың саусағын қысып, жарақаттаған эскалатордың тісі сынған болып шықты", – дейді Ағабек Чикинаев.