$ 480.63  535.13  5.27

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын өндіріп алмақ

Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 2024 жылдың 3 қыркүйегі күні сағат 11.00 белгіленген.

Коллаж: dzen.ru
Коллаж: dzen.ru

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасын өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етіп, азаматтық істер жөніндегі сотқа арыз түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Azattyq Ruhy мәліметінше, сот кабинетінде көзімізге түскен құжатқа сенсек, іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Яғни, Айтбек Амангелді сол күні арыз берген болуы мүмкін. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды.

Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 2024 жылдың 3 қыркүйегі күні сағат 11.00 белгіленген.

Айта кетейік, Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев қарындасын өлтірген кезде одан моральдық шығын керек емес екенін және басты мақсаты қарындасын өлтірген адамды ең ауыр жазаға кестіру болғанын айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары