02.09.2024, 22:30

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тараған.

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тараған.

Жағдайға Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Құтқарушылардың айтуынша, полигон өртеніп жатыр.

“Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері Астананың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы қоқыс өртін сөндіруде, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.