03.09.2024, 10:20

Паралимпиада-2024: Бүгін кімдер ел намысын қорғайды

Фото: telegram.org/@mediaparis2024

Жазғы Паралимпия ойындарын Qazsport телеарнасы арқылы тікелей эфирден көруге болады.

Франция астанасында паралимпия ойындары жалғасуда. ҚР Туризм және спорт министрлігі бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер өнер көрсететінін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметінше, 3-қыркүйекте сағат 13-21-де паражүзуден Сиязбек Далиев жарыс жолына шықса, сағат 14-04-те осы спорт түрінен Нұрдәулет Жұмағали бағын сынайды.

Фото: @Turizm_jane_sport_ministrligi

Жазғы Паралимпия ойындарын Qazsport телеарнасы арқылы тікелей эфирден көруге болады.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Биыл паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.