Ресми мәліметке сәйкес, оқиға полигонда оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін болған.
Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
- Қаруды тапсыру кезінде Макаров тапаншасынан әскери қызметші сұқ саусағына жеңіл жарақаты алды. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр және қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан.