$ 486.44  534.31  5.06

«Тегін донер таратылады»: Астанада кафенің ашылуына 4 мыңнан аса адам жиналды (ВИДЕО)

Жиналған жұрттың көптігіне байланысты, 4 көшедегі қозғалыс шектелген. 

Блогер Олжасхан (Олжас Қайрат) Астанада кафенің ашылуына байланысты «1000 донер тегін таратылады» деген жарнама жасағаны туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Оқиға орнына 4000-нан астам адам жиналып, қозғалыс шектелді, тәртіп сақшылары араласты. Жиналғандарға донердің орнына талон таратылып, блогер кешірім сұрады: «Осылай боларын күтпедік. Мен үшін келгендермен суретке түсу маңызды еді, бірақ рұқсат ала алмадым».

Блогердің жарнамасына сенген жұртқа донер емес, талон таратылған. Кейін блогердің өзі оқырманынан кешірім сұрады

Полиция департаменті жағдайды реттеп, кәсіпкерді жауапкершілікке тартты.

«25 қыркүйекте мекеменің ашылуы мен донерге жеңілдікпен талон тарату кезінде көп адам жиналды. Есіл ауданының полициясы мен әкімдік қызметкерлері жағдайды реттеу және қысымның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдады. Полиция қызметкерлері ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары