27.09.2024, 22:30

Тоқаевқа қастандық жасамақ болды: ІІМ мәлімдеме жасады

Фото: Ақорда

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауға оқталу фактісі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

«Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ТЖД-мен бірлесіп, атыс қаруының қоймасын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдіктілерді ұстау үшін қажетті жедел іздестіру және тергеу шаралары кешені жүргізілуде.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.