01.10.2024, 16:00

«ВандализмOFF» жобасы: Астанада бұзақылықпен күресудің жаңа түрі пайда болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қала инфрақұрылымының әр талқандалуы — барлық азаматтардың қалталарына соққы.

15 тәулік қамауда отырған бұзақыны уақытша ұстау изоляторынан шыға берісте «бұзылған аялдамалар» қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

11 қыркүйекте Астана тұрғыны Ибадулла П. мас күйде Ақжол даңғылындағы аялдаманы сындырды. Бұзақы ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынған еді. 26 қыркүйекте оны бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталды. Алайда Ибадулла П.-ның шытырманы мұнымен біткен жоқ. Уақытша ұстау изоляторынан шыға берісте бұзақыны аялдама костюмін киген Жаңа адамдар белсенділері қарсы алды. Олар бұзақыдан «сынған ағасы» алдында кешірім сұрауын талап етуге келді.

Мұндай күтіп алуды күтпеген бұзушы басында өзін ақтап алғысы келгенімен, жағдайдың ушығып бара жатқанын түсініп, жүрексініп, әдеттегідей темірін «сермеудің» орнына қашып кетті. Жаңа адамдар мұндай флешмоб қалалық инфрақұрылымды бұзғандардың әкімшілік жазасына жақсы қосымша болып, жабайы әрекеттердің қайталануын болдырмауға көмектеседі деп үміттенеді.

«ВандализмOFF» жобасы еске салады: қала инфрақұрылымының әр талқандалуы — барлық азаматтардың қалталарына соққы. Бір аялдаманың орташа құны шамамен 3 млн теңгені құрайды, бұл ақшаны бұзақылар шабуылынан кейінгі жөндеу жұмыстарына емес, қаланы дамытуға жұмсауға болар еді. Аялдамалар енді үнсіз қалмайды, олар әрбір сынған әйнек пен зақымдалған отырғышты «сұрайтын» болады.