$ 480.11  532.25  5.14

«Боди массаж жасатады»: Атырау мешітінің қызметкерлері имамның үстінен арызданды

Ең сорақысы, имамның тәнін сататын жеңілтек қыздарға барып, боди массаж жасатып, жыныстық қатынасқа түсетінін дүйім жамағат біледі.

Фото: Oraz Alimbekov-тің Facebook-тегі парақшасынан алынды
Фото: Oraz Alimbekov-тің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Атырау қаласындағы "Құспан Молда" мешітінің қызметкерлері имам Эммат Ғұмаровтың үстінен арызданып, журналист Ораз Әлімбекке хат жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналистің әлеуметтік желіге жариялаған дерегін қаз-қалпында назарыңызға ұсынамыз. 

"Атырау жамағаты маған арыз жазыпты...

Төмендегі арызда айтылған айыптаудың рас яки өтірігін білмедім. Мүфтият қалай да жамағаттың жанайқайына назар аударып, осы арыз бойынша тексеру жүргізуі тиіс. Себебі, мешіт имамын тағайындау Бас мүфтидің бұйрығы бойынша жүзеге асады. Ал менің қолымда тұрған не бар?!. Мен Ақиқат пен Әділдік іздеген жалаңаяқ журналистің бірімін ғой.

"Құрметті Ораз Әлімбеков мырза!

Біз Атырау қаласы, "Құспан Молда" мешітінің жамағаты мешіт имамы Эммат Ғұмаровтың үстінен бас мүфти Наурызбай Өтпеновке қаншама рет арыздансақ та, осы уақытқа дейін оған байланысты ешқандай шара қолданылған емес. Себебі Эммат Ғұмаров өзіне лайықсыз, бірақ асыл дініміз арқылы пайда табатын мешіт мінберін сақтап қалу үшін мүфтият басшылығына Атыраудың бекіресімен қара уылдырығын ай сайын жіберіп тұрады.

Одан қалса атыраулық кәсіпкерлер мен меценаттардың арқасында әбден байыды,соның арқасында үйір-үйір жылқысы,жүздеген түйе мен сиыр-қойы бар. Сонымен қатар Эммат Ғұмаров Құранды тәжуид бойынша қате оқиды, діни білімі өте нашар.

Ең сорақысы, тәнін сататын жеңілтек қыздарға барып, боди массаж жасатып, жыныстық қатынасқа түсетінін дүйім жамағат біледі.

Дінімізде тиым салынған темекі, насыбай, анаша да шегеді.

Өзі құдды бір имам емес, театрда қызмет жасайтын сайқымазақ секілді үнемі былапыт-көргенсіз анекдоттар айтады.

Эммат Ғұмаров 30-жыл бойы елді сорлатып, сәләфизмнің Қазақстанда таралуына мүдделі Нұрсұлтан Назарбаевты үнемі мадақтауын тоқтатқан емес.

Құрметті Ораз аға!

Сіз дәстүрлі дінімізді жемқор және аморальды имамдардан мейлінше қорғап жүрген Қазақстандағы жалғыз журналистсіз, осы жанайқаймызды дүйім халыққа жариялауыңызды өтінеміз.

Құрметпен:

"Құспан Молда" мешітінің бір топ жамағаты", - делінген журналист жариялаған хатта. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 13

Серіктес жаңалықтары