$ 481.84  531.33  5.07

Алматыда танымал блогер қайтыс болды

Оның жымиған күлкісі мен мейірімді жүрегі біздің есімізде мәңгі сақталады!

Фото: instagram.com
Фото: instagram.com

Алматыда танымал аспаз әрі блогер Бага Демалыс қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жақындары мен достары хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кеше біз жақын досымыз Бага Демалыстан айырылып қалдық. Бага қаламыздың әрбір тұрғыны үшін туысындай болды, оның жымиған күлкісі мен мейірімді жүрегі біздің есімізде мәңгі сақталады", - деп жазды режиссер Қанат Бейсекеев Instagram-дағы парақшасында. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі белгілі блогердің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Бұл факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы 105-бап (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары